Облыстық өнер мұражайында тарихи тұлғалар мен көрнекті мәдениет қайраткерлерінің құрметіне арналған «Тарихымыздың ұлы тұлғалары» атты суретшілер байқауы өтті. Ауқымды шараға елдің өзге өңірлерінен келген қылқалам шеберлері қатысты. «Тарихымыздың ұлы тұлғалары»  атты суретшілер байқауына Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облысынан 28 суретші қатысты. Олар өз шығармаларында мемлекетіміздің тарихынан сыр шертетін туындыларды, тарихи тұлғаларды бейнелеген. Бұл додада қыл қалам шеберлерінің қолынан шыққан 50-ге жуық суреттер топтамасы ұсынылған.
Ауқымды байқауда ҚР Суретшілер одағының және Лондон қаласының Шығармашылық гильдиясының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі Әділғали Баяндин қазылық етті.
Байқауға Павлодарлық суретші Анар Әубәкір өзінің 3 туындысын ал келген. Соның бірі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған. Суретшінің айтуынша, ол кейіпкердің бейнесін жасау үшін мұрағаттар мен интернет көздерінен ақпарат іздеп, қажетті материал жинағаннан кейін ғана жұмысқа кіріскен.
Байқау ерекшелігі – қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндіктерінің берілуі. Жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту басты мақсатымыз дейді ұйымдастырушылар.
Көрмеге қойылған туын¬дыларының әрқайсысының астарында өзін¬дік тарихи мән-мағына бар.  Өнер сала¬сы¬¬на саналы ғұмырын арнаған айтулы суретшілердің қолынан шыққан туындылар келер ұрпақ¬қа рухани азық болары анық, дейді музейдің бөлім меңгерушісі Есенбол Нақтыбайұлы.
Қазақстан тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін әрі оны жарқырата көрсететін, бұрын тасада қалып келген бейнелеу өнерінің тың туындыларын енді музейдің төрінен тамашалай аласыздар.