Облыс орталығында «Жасыл ел» жасағының XVIII еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жабылу рәсімінің қорытындысында бірнеше номинациялар бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымның басты мақсаты - жастардың көмегімен аймақты көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Елдегі «Жасыл ел» жастар тек өңірдің  көгалдануына ғана емес, ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне қосатын үлесі зор.
 «Жасыл ел» жобасы жастарға берілген зор мүмкіндік.  Себебі, олар өздерін еңбекке баулу жолында қызмет жасай жүріп, қаржы көзін табудың жолын аша алады. Бұл ұйымда еңбек етіп, ат салысқан әрбір азамат өтемақы ретінде 90-95 мың көлемінде жалақы алды, дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының төрағасы Мақсат Кәрібаев.
Еңбек жасағының өңірдегі  өкілдері республикалық деңгейде жыл сайын үздік көрсеткіштерге ие боп келеді.
Жабылу рәсімі қорытындысы бойынша  «Үздік жасақ командирі» номинациясын Шемонаиха ауданынан келген  Харченко Максим, «Үздік жұмыс беруші» Абай аудандық «Риза» мекемесі, «Үздік сарбаз» Күршімдік ару Серікқызы Алтынай,ал  Катонқарағай ауданынан келген  Сейлханов Руслан «Үздік сарбаз» жігіт номинациясын жеңіп алса, «Үздік штаб»аталымында  Жарма ауданы жеңімпаз атанды.   «Үздік жасақ» номинациясы Бесқарағай ауданына бұйырды. «Үздік онлайн штаб» ретінде Үржар ауданы танылды.Зайсандықтар  «Үздік акция» аталмынын қанжығасына байлады.  «Үздік іс-шара» Курчатов қаласына, «Үздік аудан» Алтай ауданына берілді. «Үздік қала» аталымында Өскемендіктердің мерейі үстем болды.