Елде  тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша жеке заң әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты – қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын сақтау, өсімін молайту саласындағы қызметтің негіздерін белгілеу.
Қазақ итті жеті қазынаның біріне жатқызса, тазы тұқымына ерекше мән беріп, тектілік қасиетіне зер салып, бітімі мен сипаты, түр-тұлғасына қарай бөліп қалаған. Өзге иттерге ұқсамайтын тазылардың тағы бір қасиеті адам баласын тез түсінеді, өте ақылды келеді, өзге адамға ермейді. Бүгінде ат үстінде өсіп, аңға құмай тазы салуды дәстүрге айналдыру қайта өрістеп келеді, дейді тазы баптаушылардың бірі Татьяна Алимжанова.
Татьяна Алимжанова 2000 жылы алғашқы тазыны асырап, бұл салаға қызығушылық танытқан. Ал 2002 жылдан бастап тазы баптауды қолға алған. Бүгінде сегіз итке қармқорлық көрсетіп отыр. Татьяна Алимжанова тазылардың тұқымын сақтау туралы заңға ерекше қуанғанын да жасырмады.
Қазақ ит тұқымдары – Тазы мен Төбетті сақтау және көбейту туралы заң жобасы кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Оның бірі генетикалық сапасын ғылыми бағалау, селекциялық сараптамалар жүргізу, жинақтау арқылы осы тұқымдарды сақтауға қажетті ғылыми база құру.