19 қаңтар күні православ христиандары – шоқыну мересін атап өтеді. Дәстүрлі наным-сенім бойынша бұл күні табынушылар суға шомылып, күнәларынан арылады. Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын ескеру керек?
Жыл сайын әдеттегідей қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні Православ дінін ұстанушылыр суға шомылып, бұлақтан таза су алады. Аймақта аталмыш мерекеге арналған дайындық жұмыстары басталып кетті. Мұз ойықтары жасалып, қауіпсіздік талаптары қолға алынуда. Суға шомылуға екі жер белгіленді. Жарақаттану жағдайларының алдын-алу үшін аймақта жедел-жәрдем қызметі, ТЖД департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлерінен құралған әрекет ету тобы дайындықтарын пысықтап жатыр. Олар шомылуға арналған орындарда кезекшілік етеді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мұндай суық кезеңде сырқаты бар адамдарға суға түсуге болмайды, дейді.Православ христиандарының діни мерекесі кезінде алдымен шіркеуге барып ғибадат етуі қажет. Өткен жылы бұл мереке эпидемиологиялық жағдайға байланысты атап өтілмеді.