Бүгін таңғы сағат жетілер шамасында Риддердегі жылу электр орталығында өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен стратегиялық нысанда алдын-ала болжам бойынша 280 шаршы метр аумақ жанған. Оған қоса Өскеменнен 10 өрт сөндіру техникасы мен мамандар да көмекке келді. Нәтижесінде негізгі өрт ошағы сөнді. Жылыту электр орталығының көмір беру галлериясы өртенгендіктен қазандықтар мазутпен жылытуға көшірілді.
Қазір жалпы қорда 320 тонна мазут бар. Оған қоса тағы 920 тонна жеткізілек. Бұл сұйық отын 5 күнге жетеді.Қазір жекелеген ұсақ ошақтар  өшіріліп жатыр. Оқыс оқиғаға байланысты облыс әкімі-Даниал Ахметовтың жетекшілігімен арнайы штаб құрылды. Көмір беретін бөлік қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз. Ал үйлер мен нысандар әзірше суыған жоқ. Бұрын қандай темпратура болды. Соны ұстап тұр. Егер сақылдаған сары аяз түссе жағдай қиындауы мүмкін. Риддерде былтыр қарашаның 6 да жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ.Аймақ басшысы жағдайды сараптай келе қала жылусыз қалмас үшін әрбір құрылымдық басшыларға  нақты тапсырмалар берді.
Риддердегі қазандықта тіркелген бұл жолғы апат, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан қайталанып отыр,деді аймақ басшысы Даниал Ахметов
Облыс әкімі жылу қазандығы әзірге жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Әрі алдағы уақытта тексеріс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысанды мемлекеттік меншікке, я болмаса қала тұрғындары алдында міндеттемелерін орындауға дайын инвесторға беру мәселесі қаралатын болады.