Өскеменге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Дәурен Глымов келді.  Мәдениет саласының майталманды облыс орталығындағы халық аспаптар оркестріне шеберлік сабағын өткізді.
Жыл сайын шеберлік сабағын өткізу «Ертіс концерт» ұжымы үшін дәстүрге айналған. Өткен жылдан бері тұрақты өткізіліп отыратын дәрістің жас буын үшін берері мол, дейді мәдениет ошағының директоры  Данияр Мергалиев.
Бір апта көлемінде білгенімен бөліскен Дәурен Глымов шеберлік сабағы мұнымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта  игі жалғасын табады деген сенімде. Дирижер Өскеменде үлкен концерт қою жоспары бар екенін де жасырмады.
Дәстүрлі өнер – ұлттың алтын қазығы. Ал оны дәріптеп жүрген Шалқар Рысқанов мұндай шеберлік дәрісі жиі болатынына сеніміміз мол, дейді.
Жас талант Мария Антропова шеберлік сабағынан алған әсерімен бөлісті.
Шеберлік сабағының қорытындысында  барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.