Үй жануарларының қараусыз қалуы мен қоғамдық орындарда жүруі қалыпты құбылыс. Өскемендік суретші Марьяна Беисова панасыз қалған төряқтыларға көмек көрсетудің жаңа әдісін іске асыра бастады. Суретші оларды бейнелеп, сол арқылы иелерін табуға көмектесіп жүр.
Суретші Марьяна Беисова бес жылдан бері волонтерлік қызмет атқарып келеді. Ол қаңғыбас иттер мен мысықтарға қамқорлық көрсетіп, жаңа иесін табуға көмектесіп жүр. Қыл қалам шебері  қызықты сәттерді бейнелеп, сурет салғанды ұнатады.
Суретші қала көшелеріндегі жүзден астам қаңғыбас ит-мысықтарды құтқарып, қамқорлық көрсеткен.
Қазір Марьяна Лаки есімді итке үй іздеуде. Суретші жақын арада бұл сүйкімді күшік оны жақсы көретін және қамқорлық жасайтын жаңа иесін табады деген сенімде.