Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында заң талаптары қатаң сақталуы тиіс. Бұл туралы бүгін аймақта тұрғын үй салуға жауапты мердігерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің басын қосқан облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.Өңір басшысы жиында бірқатар мекеме басшыларына ескерту жасап, тіпті орындарынан босатуы да мүмкін екенін айтты.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Инна Валлдың сөзіне сүйенсек,қазір қалада 48 үй салынып жатыр. Ал оны іске асыруды 37 компания өз мойнына алған. Дегенмен, олардың арасында заң талабына сай жұмыс істемей жатқандары анықталған. Нақтырақ айтсақ, 28 үйдің құрылысымен айналысып жатқан мекеменің қызметі заңсыз екені анықталып отыр.
Өскеменде тұрғын үй салуға жауапты мелекеттік мекеме басшылары мен құрылыс компания өкілдері бұл баяндамадан соң сынның астында қалды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жауапты азаматтарды қажет болса, оларды жұмыстан босату жөнінде шешім қабылданатынын айтып, қатаң ескерту жасады.
Аймақ басшысы, баспаналы болғысы келетін азаматтарға алдағы уақытта құрылыс компанияларымен шарт жасасқанда мұқият болуға шақырды.