Егер күн райы күрт жылынса шығыста ірілі ұсақты  70 елдімекенді су басуы мүмкін. Алыс ауылдарды айтпағанда аудан орталықтарының өзі  қалың қарға көміліп жатыр. Сондықтан облыс әкімі Даниал Ахметов ТЖД мамандары және комуналдық қызмет өкілдеріне сел жүру мен су тасқынының алдын алуға бағытталған шараларды жеделдету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Қазіргі таңда өңірдегі бөгеттер жөнделіп, жер асты құбырлары тазартылып жатыр.
Аймақта көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары қызып тұр. Облыс әкімі Даниал Ахметов табиғи апатты болдырмау және салдарын жою үшін  қаңтар айының соңына дейін тиісті жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Ал ол үшін өңірдегі бөгеттер жөнделіп, жер асты құбырлары тазартылып жатыр.Аймақта 131 гидротехникалық нысан бар. Оның бесеуі қараусыз қалған. Біреуі Шемонаихада,қалған төртеуі Глубокое ауданында. Қазіргі уақытта  иесіз қалған мүлікті есепке алу жұмыстары басталды.
Өңір басшысы жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражатты осы айдың соңына дейін бөлуді тапсырды.
Қаланың ТЖД мамандары күзден бастап көктемгі су тасқынының салдарын болдырмауға және азайтуға бағытталған алдын алу шараларымен айналысып жатыр.
Өскеменде жыл бойы саяжайларды қосқанда 900-ден астам тұрғын үй су басуы мүмкін. Олардың ішінде Согра, Красина, Ахмирова және Меновное шағынаудандары бар.
Жақын арада құтқарушылар жыл сайын су басатын тұрғын үйлерді аралауды ұйымдастырады. Үй иелеріне ақпараттық жадынамалар беріледі. Мердігерлік ұйымдардың көктемгі су тасқынына қарсы тұруға дайындығын тексеру басталады. Өскемен қаласының ТЖ басқармасы тұрғындардан су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалуды сұрайды. Ол үшін үй маңындағы қарды уақтылы тазалап, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту қажет.