Өңірде су добынан қыздар арасында Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Оған Астана, Алматы, Семей, Тараз, Орал қалаларынан спортшылар қатысуда. Өскемен қаласында дода 29 қаңтарға дейін жалғаспақ.
Су добы бөлімінің бас бапкері Евгений Сизинцевтың айтуынша, бұл қарқынды дамып келе жатқан қызығы мен қиындығы қатар жүретін спорт түрі.
Доптың салмағы 500 грамм мөлшерінде, ал қақпаның биіктігі судың астынан санағанда 3 метр. Әр командада 7 ойыншы. Ойын 8 минуттан 4 кезеңге созылады.
Жас спортшылардың көңіл-күйлері де жақсы. Өскемен қаласының атынан ойнап жатқан жас спортшы Камила Мұқашева алдағы уақытта жетістіктер мол болатындығына кәміл сенеді.
Тараз қаласынан осы додаға арнайы келген жс спортшы Сабина Дамилованың айтуынша, командалық спортта жеңіске жету оңай шаруа емес. Бұл үлкен еңбекті талап етеді.
Чемпионаттың алдағы 2 кезеңін Орал қаласында өткізу жоспарланған. Ал, финалдық бәсеке Өскемен қаласында өтеді.