Өскеменде «Жас құтқарушы» орталығы байқау өтті. Жарыста 80 оқушы бақ сынады. Ұйымдастырушылар ТЖД қызметкерлері мен «№ 29 қосымша білім беру мектебі».
«Қысқы жағдайдағы іздестіру - құтқару жұмыстары» бойынша балалар арасында сайыс өтті. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Байқауға қатысушылар нағыз құтқарушылардың рөліне ене алды.Алғашқы кезеңде оқушылар 30 метрлік қашықтықыты шаңғымен еңсеріп, от жағып, зардап шеккен азаматқа көмек көрстіп, оны қауіпсіз жерге тасымалдады. Ал келесі кезең жер бедерін бағдарлау деп аталды. Бұл жолы жас құтқарушылар азимутты анықтау арқылы белгіленген бағытқа бет алды. Содан кейін команда мүшелері пневматикалық мылтықтан нысананы көздеп, қысқы баспана салуы керек еді.
Сайыс қорытындысы бойынша, №49 мектеп командасына бас жүлдені қанжығасына байласа, №29 және № 10 мектептің жас құтқарушылары бірінші орынды иеленді. Ал №16 мектеп оқушылары екінші, №4 мектеп командасы үшінші орынды місе тұтты.
Айта кетейік, жарысқа барлығы 12 мектептен 80-нен астам оқушы қатысты. Біз мұндай шараларды өскелең ұрпақ арасында «Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін» арттыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіп келеміз, дейді ТЖД мамандары.