Облыс орталығында өзендердің арнасынан асып, маңайдағы аумағына шығуы жылдағы уақытынан ерте басталды. Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында қаладағы көшелерде жиналған қарды шығарумен «ОблШығысЖол» ЖШС жүзеге асырады. Қазір жұмыстың нақ қызып тұрған шағы.
Өскеменді  айнадай етіп тазалау жауапты мердігерлердің басты міндеті. Қаладағы барлық арық біткеннің көзін ашуға жұмысшылар білек сыбана кіріскен.  Облыс бойынша ақпан айынан бастап су тасқынына қарсы жұмыстар тиянақты жүргізіліп жатыр. Қардың еруі және жауын-шашын салдарынан орын алуы мүмкін табиғи апаттардың алдын алу шаралары қарқынды. «ОблШығысЖол» ЖШС су ағатын арықтарды тазалау, өзендердің арнасын кеңейту жұмыстарын қолға алды.
Қазіргі уақытта су ағатын құбырлардың ішкі тазалығы, ағын судың арнасымен ағып кету мәселелері назарда тұр. Күн сайын су жүретін өткелдерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Уақытылы атқарылған жұмыстың арқасында облыс аумғында барлық арықтар тазартылды.