Аймақта тұрғын үй құрылысынан бөлек әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу көзделген. Бастаманы іске асыру үшін арнайы жоспар да бекітілді. Бекітілген жоспар үш бағыттан тұрады. Алдағы уақытта өңірге қарасты ауылдық елдімекендерде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауруханалар тұрғызу көзделген.
Өңірде «Ауылдық жердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бекітілді. Ұлттық жобаны іске асыру аясында ондағы тұрғындары үшін алғашқы шұғыл және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жоспарланған.
Бұдан бөлек аймақта, 2020 жылдан бері облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы іске асырылып келеді. Бағдарламаның негізгі бағыты жеке инвестициялар есебінен «офтейк-келісім шарттары» бойынша бір қабатты үйлер салу. Ал бұл бастама көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешеуге арналған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек жеке инвестиция есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артты. Жалпы сомма 150 млрд теңгеден астам. Айта кетейік, өткен жылдан бастап жалға берілетін үйлердің құрылысы тоқтаған болатын. Ал оған бөлінген қаражат, пәтер жалдап отырғандарға субсидия ретінде беріледі.
Ағымдағы жылы  электрмен жабдықтау жұмыстары іске асырылады. Кварталішілік желілер мен жылумен жабдықтау бастамалары қолға алынбақ.