Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшы. Аталған мәселені шешу мақсатында аймақта дуальды оқыту жүйесі іске асырыла бастады. Бұл жүйе колледждерде кадрларды даярлаудың ең тиімді тәсілі саналады.
Дуальды оқыту жүйесі бүгінгі қоғамға қажетті білікті мамандарды даярлауды көздейді. Бұл бағыт бойынша даярланатын мамандар іс-тәжірибені жұмыс орнында, ал теориялық бөлігін колледжде өткізеді.

Тәжірибе барысында студенттер тек кәсіби дағдыларды ғана емес, қарым-қатынас, адамдармен өзара әрекеттесу жолында меңгереді. Кәсіби кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындардың бірі "Казцинк" ЖШС. Аймақтағы ең ірі компания студенттермен 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды дуальды оқыту жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жүйе кәсіпорындарға да, студенттерге де берері мол.