Облыс көлемі бойынша сайлау учаскелерінің саны 533. Олардың барлығында дауыс беруге арналған жәшіктер бар. Сондай-ақ ,502 учаскеде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бұрыштар ұйымдастырылған. Көзі нашар көретін сайлаушыларға арналған аудиоматериалдар мен трафареттер де дайындалды. Ал, сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын қалай анықтай алады?
Облыс тұрғындары сайлау учаскесін интернет орталық арқылы анықтай алады. Сондай-ақ, telegram bot каналы да  іске қосылған.
Есептен шығару куәліктері – бұл сайлаушылардың дауыс беру құқығын анықтайтын құжат. Сайлаушы басқа қала немесе елдімекенге кетсе, сол жердегі комиссия мүшелері есептен шығару куәлігін береді.  Бұл есептен шығару куәліктерін беру 18-наурызда сағат 18:00 де тоқтатылады.
Аймақтағы сайлау учаскелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізуге дайын.