Өскеменде Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Саяси науқаннан жас сарбаздар да шет қалмады. Олар  әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
5518 әскери бөлімінде  отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады. Саяси науқанға бірінші рет қатысып отырған жауынгерлер алғыс хатпен марапатталды.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығындағы  сайлау учаскелерінде қатардағы жауынгерлер ғана емес, офицерлер мен сержанттар да дауыс береді.

Айта кетейік, сайлау учаскелері ашылған әр бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар бекітілген тәртіп бойынша келіп өз таңдауларын жасауда.