Елде өткізіліп жатқан сайлауға облыс орталығының тұрғындары бір кісідей ат салысуда. Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған ардагерлер де таңдау жасауға мүмкіндік алды. Солардың қатарында Өскемен қаласының тұрғыны Анастасия Светочева да бар. Кейуананың дауыс беру процессі үй жағдайында ұйымдастырылып, бюлеттендер оның тұрғылықты мекенжайына жеткізілді.
Өскеменнің әртүрлі аудандарында жылжымалы сайлау пункттері жұмыс істейді. Сол арқылы сайлау учаскелеріне бара алмайтындар дауыс беруге мүмкіндік алып отыр.
Анастасия Светочева күш қайрат пен жігері қажымаған жан. Денсаулық жағдайына байланысты сайлауға бара алмады.Сайлау учаскесі бойынша тіркелген үйге комиссия мүшелері тасымалдау жәшігін арнайы апарды. Кейуана осылайша өз таңдауын жасады.
Сайлау процесі Анастасия Павловнаға жақсы таныс. Ол бұрын сайлау комиссиясында болған, сонымен қатар сайлау науқандарына да қатысқан. Кейуана 100-ден асса да  жаңалықтарды мұқият қадағалауға тырысады. Елдің  ертеңіне алаңдап отырады.