Сайлауға аудандар мен ауыл тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Жексенбіге қарамастан учаскеге ағылып келіп жатқан ағайының қарасы қалың.
Зайсан аудандық мәдениет үйіндегі №1185 сайлау учаскесінде сайлаушылардың көбі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерді.
Сондай-ақ, Қаратал ауылдық округіндегі  №618 сайлау учаскесінде де дауыс берушілер белсенді. Оларға тегін бауырсақпен ыстық шай ұсынылды. Әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Саяси доданы мерекелік көңіл күймен өткізуде.

Ал, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы  №906 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер де  науқанға бір кісідей ат салысып жатыр. Барлығы 1 112 сайлаушы тіркелген. Сағат 11:30 ға дейін сайлаушылардың  34 % дауыс беріп, өз таңдауын жасап үлгерген. Ақжар ауылының «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері де сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Әні мен сәні жарасқан әжелер әлеуметтің көңілін көтерді.
Ұлан ауданының тұрғындары да саяси науқанан қалыс қалған жоқ. Сайлаушылардың көбі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген.
Ал, Риддер қаласының  №144 сайлау учаскесінде Гусляковтар отбасы өзтаңдауларын жасады. Олар отбасымен металлургтер саласында жұмыс жасайды.
Айта кету керек, қазақстандықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.