Аймақтағы сайлау учаскелері ашылғаннан бастап еліміздің өркендеп-дамуы жолына атсалысып, дауыс беруге асыққан халықтың қарасы қалың болды. Жас та, кәрі де саяси науқанға белсене қатысты.
Бес бала тәрбиелеп отырған Ержан мен Анастасия Масалимовтар қоғамдық-мәдени өмірге белсене араласады. Ерлі-зайыптылар ел ертеңіне ықпал ететін бүгінгі саяси науқаннан да шет қалмай, өздерінің азаматтық борыштарын өтеді.
Өскеменде дауыс берушілер арасында зейнеткер көршілер де бар. Олар ақылдаса келе учаскеге бірге барып, өз таңдауымызды жасаймыз деп шешкен. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күніне орай арнайы ұлттық киім киюді де ұмытпаған. Көршілер арасында сайлауға бірге, ұлттық киіммен бару бастамасын көтерген Наталья Уколова. Ол ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Дауыс беруге келген ерекше азаматтар да ешқандай қиындыққа тап болған жоқ. Дауыс жәшіктері, учаскенің нөмірі жазылған, белгілер ілінген. Бірінші топта мүгедектігі бар Екатерина Федоренко өз дауысын учаскеге келіп берді. Ерекше қажеттілігі бар жанның сайлау учаскесіне баруы мен кері қайтуы үшін арнайы инватакси қарастырылған.
Ал ерлі-зайыпты Михаил және Наталья Будчановтар есту қабілетінде ақауы бар жандар. Олар да азаматтық міндетін орындау үшін сайлау учаскесіне келді. Осыған дейінгі саяси науқандардың бірінен қалмаған. емес. Белсенді жұптың өз таңдауын жасауға сурдоаудармашылар көмек берді.  

Сондай-ақ сайлаушылардың барлығына дәмді бауырсақ пен ыстық шай таратылып, ерекше әсер қалдырды.