Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын еңбек инспекциясының мамандары қадағалайды. Егер азаматқа жалақы берілмесе, жұмыс міндеттерін орындау барысында қандай-да бір зиян келсе немесе келісімшартта қателіктер болған жағдайда жұмысшы еңбек инспекциясына жүгіне алады.
Егер жұмыс беруші жұмысшының құқығын бұзса, онда ол мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіне алады. Азаматтар өз өтінішін қалдырғаннан кейін, инспекция тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Еңбек инспектотрларының айтуынша, азаматтар өтінішінің басым бөлігі жалақы төленбеуіне байланысты. Сала мамандары азаматтарды мұқият болуға шақырады: әрқашан еңбек шартының екінші данасын талап ету керек. Сондай-ақ , құжатқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығу керектігін де ескертті.  
Еңбек инспекциясы саласындағы мамандардың жұмысында жыл басынан бері біршама өзгерістер орын алған. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тексеруді жүзеге асыру үшін еңбек заңнамасының бұзылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Олар: еңбек шарты, табельдер , басқа қызметкерлер мен куәгерлердің айғақтары, фотосуреттер мен бейнематериалдар. Бұдан бөлек, қоғамдағы қызу пікірталас азаматтар мереке және демалыс күндері тек жазбаша келісіммен жұмыс істейтіні туралы.  
Қалай болғанда да, кез-келген даулы мәселелер бойынша жәбірленуші еңбек инспекциясына жүгіне алады. Айта кетейік, дұрыс жасалған еңбек шарты  азаматтың болашақта өз құқығын қорғауына үлкен сеп.