Риддер жылу орталығында болған өртке қатысты аймақ басшысы Даниал Ахметов кезектен тыс жиын өткізді. Облыс әкімінің айтуынша, адам шығыны жоқ, нысан орташа деңгейде жұмысын жалғастыруда.  Мәселенің жәй-жапсары келесі бейнематериалда.
Облыс әкімі Даниал Ахметов  ЖЭС-ның жаңа басшылығы технологиялық өрескел қателік жібергенін айтты. 50 мыңдай тұрғыны бар қалада наурыз айында осымен екінші рет апат тіркелді.
Аймақ басшысының айтуынша, жыл басында келген жаңа инвесторлар "жабдықты жөндеуге, дебиторлық берешекті өтеуге қаражат бөлмеген".  Өңір әкімі қазір екі қазандық істеп тұрғанын, ал тоқтаған екі қазандық жақын арада іске қосылатынын айтты.
Аймақ басшысы алаңдауға негіз жоқ, жақын арада жылыту орталығына қатысты барлық мәселе шешілетінін жеткізді.