Облыс орталығында көктемнің шуақты, ұлық мерекесі Әз-Наурыз кең ауқымда тойланды. Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аумағын қамтыды. Өңірдегі ірі кәсіпорын «Казцинк» ЖШС қолдауымен «Достық үйі» - қоғамдық келісім орталығының» алдына қазақи киіз үйлер тігіліп, дүйім жұртқа арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күнін тойлауға арналған думанды мерекеде ақжарма тілектер айтылып, халықтар достығы мен береке-бірлігін паш ететін концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл күні халық әндері шырқалды, Мың бұралған бишілер би биледі. Сонымен қоса жиналғандар ұлттық ойындар мен түрлі жарыстарға белсене қатысты. Ал киіз үйлерде дастархан жайылып, Наурыз көжеге салынатын  қазы-қарта қалай дайындалатыны көрсетілді.
Орта Азия халықтарының жыл басы, әрі көктем мейрамы саналатын халықтық мереке сән-салтанатпен атап өтілді. Өскемендіктер Наурыз мерекесін шад-шадымен көңіл күйде қарсы алды.