Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар  құрылысы жақында ғана аяқталған жолдарды көріп қайтты. Одан бөлек шаһар тұрғындарымен кездесіп, жиналғандарды толғандырған түйткілді сауалдарға жауап берді.
Қаладағы көшелерде орташа жөндеу жұмыстары, тротуар салу, жарықтандыру, аулаларға балалар алаңын орнату мен аббаттандыру қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады. Атқарылған шаруалармен танысқан қала басшысы  басты мақсат -  құрылыстың сапалы болуы, -дейді.
Биылға жоспарланып отырған басты жоба Ертіс көпірінің астынан салынатын жол. Құрылыс жұмысы осы жазда басталып, күзге дейін аяқталады. Жаңа жол Славский мен Пермитин көшелерін Желтоқсанмен жалғастыратын болады.
Жақсылық Омар алда қаладағы қалған көшелерге тексеріс жұмыстарын жүргізбек. Ал, сапасы сын көтермейтін  тасжолдар мен тротуарларды  мердігер компаниялар қайта жасайды деп ескертті.