Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз Глубокое ауданында да кең көлемде аталып өтті. Қалың көпшіліктің назарына мерекелік концерт ұсынылды.
Таңертеңнен балалар шығармашылық үйінің алаңына киіз үйлер тігіліп, аудан тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты. Қазақ үйде ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынылды.
Тұрғындар үшін қызықты байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, аудан әкімінің жүлдесіне қазақ күресінен «Глубокое Барысы» жарысы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ күресінен аудандық турнир биыл 7-ші мәрте өтіп жатыр. Негізгі мақсат...
Сондай-ақ, мерекеде жұртшылық тоғызқұмалақ, қол күрес, қой көтеру сынды сайыстарға қатысты. Алтыбақан, балалар алаңы бүлдіршіндер үшін керемет ойын-сауыққа айналды.
Мерекелік шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ұлттық киім киген аудан өнерпаздары да Наурыз тойын шаттық тойы етіп тойлады.
Халық мерекелік шараға дән риза. Аудан тұрғындары ізгі тілектерін жолдап, ел тыныштығы мен бірлігін тіледі.  
Дүбірлі думанды тамашалауға келгендердің де қарасы қалың. Наурыз тойына жиналған көпшілік өнерпаздармен бірге би билеп, шаттанып жатты.
Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүр кеңінен насихатталды. Қариялар батасын беріп, жиналған қауымға ақжарма тілегін арнады.