Облыста үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен айналысатын жастардың қарасы көбейген. Олар республика көлемінде жүлделі орындардан көрініп те жүр. Оған себеп Өскеменде жаңадан ашылған теннис орталығы. Жаңа ғимарат көптің көңілінен шығып жатыр.  
Қазіргі уақытта бұл мекемеде 350-ден аса бала үстел теннисімен айналысады.Оларға 11 жаттықтырушы жетекшілік етеді. Мамандардың айтуынша бұл спорт түріне жасөспірімдердің қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Спротшыдың алды республикалық турнирлерде жеңімпаз атанған. Олардың бірі-Айбар Киікбаев. Мұндай нысан ашып берген басшыларға алғысы көп.
Теннис орталығында  32 кәсіби үстел, 192 көрермен орыны және трибуналар бар. Мұнда 2 спорт залы да келушілер игілігіне қызмет етіп келеді. Спортшыларға бар жағдай жасалған.

Биыл үстел теннисі спорт мектебінің шәкірттері республикалық және облыстық 7 жарысқа қатысып, 5 жүлделі орынға ие болған. Олар алдағы уақытта бұданда жоғары нәтиже көрсетуге ниетті. Жатықтырушылар  жас жеткіншектерден көп үміт күтеді.

Мұндағы  жаттықтырушылар алдағы уақытта шетелдік мамандармен бірлесіп спорттық шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар халықаралық, облыстық тенис федерацияларымен меморандум жасау алдағы күннің еншісінде,дейді олар.