Облыста қазіргі таңда мемлекеттік және жекеменшік нысандар көптеп салынып жатыр. Дегенмен, осы уақытқа дейін бой көтерген ғимараттардың арасында бекітілген талапты сақтап, құрылыс қағидасын елемейтіндер бар. Ал заңды белшесінен басқандарды анықтап, атқарған қызметінің сапасына бақылауды кім жүргізеді?
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өңірде салынып жатқан ғимараттардың заң аясында бой көтеруін қамтамасыз етеді. Басқармада 6 инспектор қызмет атқарады. Оларға бірқатар міндеттер жүктелген.
Ал құрылыс жұмыстары бекітіліген талап бойынша іске асырылмаса басқарма ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 20-тарауына сәйкес құрылыс субъектісіне қатысты шаралар қабылдайды.
Тексеру жұмыстары кезінде инспектор жауапты тарапқа нұсқама береді. Осыған сәйкес, құрылыс субъектісі құқық бұзушылықтар жасамауға міндетті.