Шемонаиха ауданында жарнама мәтініндегі тіл сауаттылығын қадағалау бойынша арнайы семинар өтті. Жиында саладағы түйіткілді мәселелер ортаға салынды, жаңа жұмыс әдістері талқыланды. Кемшін кетіп жатқан тұстарда назардан тыс қалмады.
Облыста наурыздың басынан «Сауатты жарнама – мәдениет нышаны» атты айлық басталды. Шара барысында мобильді топ мүшелері бірнеше мекемеге тексеру жүргізіп үлгерген. Бастама сәуірге дейін жалғасады.
Шемонаиха ауданының құрамында 10 ауылдық округ, 1 қала, 34 елдімекен бар. Ал оларда 235 сауда нүктесі, 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 25 жеке кәсіпкер тіркелген. Аталған кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілдің сауатсыз қолданылуына жол бермеу үшін қазіргі уақытта аймақта қатаң бақылау жүргізілуде.
Жарнамадағы тіл сауаттылығын сақтау бойынша Ұлан ауданында да бірқатар ілкімді шаралар қолға алынуда. Аудан әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы жұмыс тобы ай сайын нысандарға рейд жүргізеді.
Тың ұсыныстар айтылған семинар-кеңес аймақтағы жарнаманың алдағы уақытта сауатты жазылуына серпін берері анық.