Бұдан кейін вице-министр Евгений Кочетов волонтерлік қызметті дамыту, NEET санатындағы жастармен  жұмыс тақырыбында өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.
Облыста өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Баспасөз конференциясында вице-министр Евгений Кочетов шығыстағы волонтерлер жоғары деңгейде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қазақстандағы NEET санатындағы жастардың үлесі 6% - ды құрайды. Ал, елдегі ең төменгі көрсеткіші шығыста. Олар ешқайда оқып, жұмыс істемейтіндер.
Вице-министр  жастар мен еріктілер ұйымдарын қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасатынын айтты. Ал түрлі жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар көңіл қуантарлық нәтиже көрсетіп келеді. Әр салада жүрген жастар жағы болса қоғам өмірінің айнасына айналып, елдің дамуына сүбелі үлесін қосып жатыр.