Өскеменде Оралхан Бөкейдің  80 жылдық мерейтойы аясында республикалық конференция өтті. Жиынға елдің түкпір-түкпірінен кітапханашылар келді. Шара «Кітапхана – XXI ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғаушы күш» тақырыбында ұйымдастырылды.
Конференцияда әр түрлі жобалар таныстырылды. АҚШ,  Техас университетінің кітапхана ісі жөніндегі профессоры Девид Ланкес көпшілікпен бейне-сұхбат арқылы жүздесті. Кітапханаларды жаңаша үлгіде өзгерту бойынша әңгіме өрбітті. Қатысушылар бұл бас қосудың  маңызы зор екенін айтады. Адамдарды кітап оқуға қызықтыру үшін IT технологияларды пайдаланып қарекет қылған дұрыс деген пікірде.
Әр өңірден келген кітапханашылар болашақта Өскемен қаласындағы кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс істеспекке ниетті. Басты мақсаттары тәжірибе алмасу.
Оралхан Бөкей атындағы мәдениет ошағы  заманауи технологиясы бар мекеме. Конференцияда осы жөнінде сөз өрбіді. Қонақтар қызығушылық танытты.