Алтай ауданы ілгері дамып келе жатқан аймақтың бірі. Халқы ынтымақта тірлік кешіп келеді. Бұл күнде елді-мекендегі Достық үйі этномәдени бірлестігінің жұмысы бір жолға қойылған. Ел игілігі үшін қарқынды қызмет көрсетіп келеді. Тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға үлес қосуда.
Аудан бойынша 5 мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Олардың негізгі  мақсаты этносаралық қарым-қатынасты нығайту. Мұндағы жергілікті тұрғындар бірлікті ту етіп келеді. Ата-баба жолынан жаңылмай салт-дәстүрлерін ерекше ықыласпен жаңғыртуды мұрат еткен.
Ұлттың мәдени мұрасы - елдің ортақ байлығы, болашақ ұрпақтың баға жетпес жәдігері. Жастарды басқа халықтардың дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеу рухында тәрбиелеу-бұл игілікті сақтаудың кепілі. Алтай ауданының Достық үйі этномәдени бірлестік қызметкерлерінің ұрпақтар сабақтастығына үлкен көңіл бөліп отырғаны қуантады. Олар азаматтарға өткен тарих пен мәдениетті, салт-дәстүр мен әдет- ғұрып туралы білгендерімен бөліседі.
Этномәдени бірлестіктер аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысып, көптеген беделді байқаулардың лауреаттары атанған.  «Ата-дәстүр» қазақ мәдени бірлестігі 15 жылдық мерейтойларына орай түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсаты - көпұлтты елде бейбітшілікті сақтау.