«Ертіс концерт» ұжымы ән-жырын арқалап Күршім ауданына барды. Өңір халқын өнерімен сусындатқан ұжым Қалжыр, Марқакөл, Барақ батыр, Сарыөлең ауылдарына барып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ұлттық Рухани Жаңғыру» және «Ауыл - ел бесігі» ұлттық жобалары аясында өткен ән мен жырдың керуені жайлы сюжеттен көрейік.
Шығармашылық ұжым сапарын Марқакөл ауылынан бастады. «Ауылым - алтын бесігім» деп аталатын кеште «An.Sal.Dar» тобы және басқа да солистер қоржында бар үздік шығармаларын орындады. Керемет ән мен бидің куәсі болған көрермен риза. Кештен естен кетпес ерекше әсер алғандарын айтады.
Өнер ұжымының гастрольдік сапары жыл басында алдын-ала жоспарланған. Мақсат-ұлттық өнердің құндылығын көпке насихаттап, жастардың халық әніне деген қызығушылығын арттыру. «Ертіс концерттің» бастамасы аймақ басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатыр.