Риддер ЖЭО 15 қыркүйекке дейін толық жөнделеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Аймақ басшысы  нысанның күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер ұйым өкілдерімен кеңес өткізді. Бұл аталған салада жаңа бастама болмақ. Әр қондырғы бойынша жұмыстардың тізімі, көлемі және олардың орындалуын бақылауға арналған нақты кесте жасақталды.
Әрбір қазандық агреатына, турбинаға, техникалық торапқа 15 қыркүйекке дейін қажетті жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Ғимаратты ретке келтіруден бөлек, оның  шатырын жабу, нысан жақтауын оқшаулау қолға алынбақ. Ал жылыту қазандығына еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болады.
Жылу орталығын зерттеген ұйым қазірдің өзінде 25 олқылықты анықтаған. Оны ретке келтіру жұмыстары басталып кетті. Жауапты мекеме  гидравликалық сынақтарды да жүргізбек.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы 15 қыркүйекке дейін Риддер ЖЭО жаңа жылыту маусымына толық дайын болуы тиіс екенін. Әрі алдымызда тұрған негізгі мақсат осы деп атап өтті.