Көктемнің ең нәзік мерекелерінің бірі – сегізінші наурыз әйелдер күнінің қарсаңында өңірдің сұлулары дөңгелек үстелде бас қосты. Шараға әр түрлі салада еңбек етіп жетістікке жеткен ерекше қажеттілігі бар әйелдер қатысты. Толығырақ әріптесім тарқатсын...
Пушкин атындағы облыстық кітапханада ерекше қажеттілігі бар қыз-келіншектерді төл мерекелері – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Аталмыш шараға қатысушылар – тағдыр тәлкегіне мойынұсынбай, өз армандары жолында тынымсыз еңбек еткендер. Осындай жандардың бірі- Қосымша білім беру педагогы Майнұр Әмірова. (9493,9494) Есту қабілетінен айырылған ол ерекше тәрбиеленушілерді өте жақсы түсінеді. Ерік-жігер мен берік рухының арқасында бүгінде табысты мансап иесі.
Мерекелік жиынның тағы бір қонағы – Венера Нұрмұхаметова. Екі бүйрегінен айрылғаннан кейін бірінші дәрежелі мүгедек санатына кірген. Өткен жылы әпкесінің донорлығының арқасында өмірге қайта келді деуге болады. Ол ғана емес, Венера мемлекеттік грантқа ие болып қазір өз шағын наубайханасын ашқан.
Айта кету керек бүгінгі таңда өңірде ерекше қажеттілігі бар жандардың қоғамда әлеуметтік бейімделулеріне барынша ықпал жасалуда.
Бұл бұрымдылар өз істерімен көпшілікке үлгі болары сөзсіз. Олар арман жолында адамның физикалық ерекшелігі еш кедергі емес екенін өз мысалдарында дәлелдеп отыр.