Алтай ауданында су тасқынына дайындық қызу. Бұл туралы қала әкімі Игорь Оконешников мәлімдеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы алдын алу шаралары күшейтілген.

Алтайда су тасқынын алдын алу жұмыстары қарқынды. Мұнда 9 ақпаннан бастап жұмыс қызып тұр. Аудандағы 12 елдімекен мен Богатырев аумағы жіті назарда.

Алтай ауданына жағдайды бақылау және уақытылы көмек көрсету үшін Семей қаласының 68303 әскери бөлімінен 25 сарбаз көмекке келді. Қала әкімінің айтуынша, 2018 жылы 84 үйді су басқан.

Аудан тұрғындары әлі күнге дейін 2018 жылғы су тасқынын естен шығарған жоқ. Төтенше жағдай кезіндегі қиындықтарын айтып, қателіктер қайталанбаса екен дейді.

15-19 наурыз аралығында Бұқтырма өзенінде және Зубовск кенті, Тұрғысын, Малеевск, Богатырево және Быково ауылдарының маңында профилактикалық мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Алтай ауданы аумағында жалпы сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын 9 елді мекенде 19 эвакуациялық пункт бар.