С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да мажар ақыны Шандор Петёфиге арналған көрме ашылды.Ашылу салтанатына арнайы Мажарстан Елшілігінің делегациясы қатысты.Ресми делегация құрамында Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона, ҚР-дағы Венгрия Елшілігінің консулы Денге Анико және Отто Иван Рона мырзаның жұбайы - Наталья Рона ханым бар.

Аманжолов университеті Венгрияның бірқатар жоғары оқу орындарымен ұзақ уақыттан бері іскерлік қарым-қатынаста. Бірінші келісімшарт 1998 жылы Сегед ғылыми университетімен жасалған. Бүгін біз ЖОО қабырғасында елдеріміз арасындағы әріптестікті нығайтуға көмектесетін ауқымды көрме өтіп жатқанына қуаныштымыз, - деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Өткен жылы бүкіл әлем венгр халқының ақыны және ұлттық батыры Шандор Петефидің туғанына 200 жыл толуын атап өтті. Ол Венгриядағы 1848-1849 жылдардағы революция жетекшілерінің бірі, Венгрия армиясының жауынгері болған, Неміс, француз, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, өлеңдері арқылы азаматтық ұстанымын көрсеткен.

Оқытушылар мен студенттер белгілі ақынның өлеңдерін мәнерлеп венгр тілінде және қазақ және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын оқыды.

Шара соңында Мажарстан Елшілігінің делегациясы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бұл достық қарым-қатынас жалғасатынын жеткізді.