«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыс орталығында жалғасын тапты. Сенбіліктің бірінші күні қала аумағын жинауға 300 аула тұрғындары қатысты. Бұл жұмыстарға қала әкімі Жақсылық Омар да кірісіп, көшелерді тазалау барысын бақылады.

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары 300 ауланы қоқыстан тазартты. Сенбілікке ірі кәсіпорындар, түрлі ұйымдар, ЖОО-ы мен колледждер, зауыттар белсенді қатысты. Барлығы акцияға бір кісідей ат салысып, өз аумақтарын қоқыстан тазартты. Ал, қоқыс шығаруға «Таза Өскемен» кәсіпорны жауапты. Дегенмен, жеке меншік кәсіпорындар қосымша техника жалдап, қоқыс шығаруға үлес қосуы тиіс,-деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сенбілікке қатысқан ЖОО-ның студенттері мен мамандары өз оқу орындарының ауласын ғана емес, жақын жатқан аумақтарды да қоқыстан тазартты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында алдағы уақытта өскеменде көшелер мен саябақтарды абаттандыру, көшеттер отырғызу көзделген.