Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңы қолданылып жатыр. Құжат несие төлеуде қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға және азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге бағытталған. Бүгінге дейін 84 мың қазақстандықтың 9,5 мыңы соттан тыс банкроттықты пайдалана алған. Қалғандарына бас тартылған. Бас тарту себептерінің бірі – борышкерлердің заңда көрсетілгендей, қарызды өтеу бойынша жүргізілген шаралар туралы құжатты ұсынбауынан.

Соттан тыс, сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезіндегі проблемалар, рәсімдердің ерекшеліктері мен заңнамаға түзетулер мәселесі дөңгелек үстелде талқыға салынды. Банкроттықтан бас тартудың өзге себептері сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге қатысты. Соңғысында сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі көзделген.

Арызы қайтарылған азаматтар жайлы қалалық сот өкілі деп мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жылдың мамырына дейін жиырмадан аса өскемендіктен арыз түскен.

Бұдан басқа, несиелер мен шағын несиелер бойынша берешекті реттеуді растау жөніндегі міндет тиісті ақпаратты тікелей кредиттік бюроға беретін банктер мен шағын қаржы ұйымдарына жүктелетіні сөз болды. Сондай-ақ, заң жобасында берешекті реттеу және өндіріп алу рәсімін жүргізу мерзімі 18 айдан 12 айға дейін қысқартылған. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстар әзірленді.