Жаз мезгілі - кенелердің белсенділік танытатын маусымы. Биыл 3000 мыңнан астам адамды кене шағып, ақхалаттылардың көмегіне жүгінген. Мамандар кенеден туатын қауіпті аурулардан қалай қорғануға болатынын айтты. Тілші сюжетінде.
Шығыс Қазақстан облысы кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары аумаққа кіреді. Әсіресе Глубокое, Катонқарағай, Зайсан, Шемонаиха аудандары және Риддер мен Өскемен қалаларының айналасы қауіптілігі жоғары ошақтарға жатады. Кене энцефалиті - бұл жедел өтетін, жұқпалы ауру. Ауруды жұқтырған науқастың орталық жүйке жүйесі зақымданып, нәтижесі мүгедектік пен сал ауруына әкеледі. Кей жағдайда соңы өліммен аяқталады. Ескеретін жағдай, кенелер көктемде ғана емес, тамыз, қыркүйек айларына дейін қауіп тудырады.
Мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, аурудың алдын-алу мақсатында табиғатқа шықпас бұрын мұқият дайындалу керек. Ашық түсті, жабық киім киген абзал. Жәндіктерге қарсы қорғаныс спрейлерін сеуіп шығуды да ұмытпаңыз!
Мамандар кене шағып алған жағдайда, уақыт создырмай дереу жақын жердегі травматикалық пунктке барып, қажетті медициналық процедураларды алуға кеңес береді. Кенені үй жағдайында өзіңіз алып тастаған болсаңыз, оны арнайы лабараторияға тексеріске жібергеніңіз дұрыс. Ол жерде энтомолог мамандар кененің қай түрге жататынын және қаншалықты қауіпті екенін анықтайды.