Жыл басынан бері аймақтағы Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті азаматтардан 671 өтініш қабылдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57,6%-ға артық. Бұл туралы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің мәлімдеді. Департамент тарапынан жүзеге асырылған өзге де шаралар жайлы келесі бейнематериалда.

Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі жіті назарда екенін айтады. Келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде, бөлшек сауда саласында заңбұзушылық жиі тіркелетін көрінеді.

Департамент «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен» бірге халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Жоба аясында елдің 20 облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың үлгілері сатып алынып, аккредиттелген зертханаларда сынамадан өткен.

Бұдан бөлек, департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында сот процестеріне қатысуда. Осы шараның нәтижесінде азаматтарға 16 млн. теңгеден астам қаржы қайтарылды.