Жас мамандар мемлекеттік қызметке конкурстық негізсіз, мемлекеттік тестілеусіз жұмысқа орналаса алады. Бұл жаңашылдық білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандырып, кадр тапшылығын шешу үшін жасалып отырған қадам. Заңнамада енгізілген өзгерістер жайлы әріптесім Нұртас Қайролдаев айтсын.

2023 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15-бабының 6-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантта оқып, жақсы көрсеткішпен тәмәмдаған түлектер мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Қазіргі таңда жас мамандар өңірдің бірқатар аудандары мен ауылдық округтерінде өз қызметтерін бастап кеткен. Осылайша Ұлан, Самар, Тарбағатай, Глубокое, Алтай аудандары жас мамандармен толықты.

Мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі- Зейнеп Озатбекқызы. Бүгі таңда ол Ұлан ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүр.

Ұлан ауданы әкімі аппаратының бас маманы Қарақат Серікқызы жұбайымен бірге конкурссыз негізде жұмысқа қабылған. Жас маман тың бастама ЖОО түлектеріне таптырмас мүмкіндік деп отыр.

Алдағы уақытта аталған талапқа сай келетін түлектерді мемлекеттік қызметке қабылдау игі жалғасын таппақ.