Өскеменде білім беру мен денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жайы сөз болды. Себебі, бұл саладағы мамандар тұрғындарға қызмет көрсетуде олқылықтарға жол беріп жатқан көрінеді. Аталған жайттың алдын алу мақсатында арнайы жиын өтті. Жиында заң талаптарын сақтау, сапалы қызмет көрсету туралы ақпарат берілді.
Жиында денсаулық сақтау мекемелеріне азаматтарды тіркеу, білім беру ұйымдарындағы балалардың ауысу тәртібі қаралды. Себебі, аталған қызметті іске асыратын мамандар бекітілген заң талаптарын білмейтін көрінеді.
Ел азаматтары қажетті мемлекеттік қызметті еш кедергісіз, сапалы әрі ашық түрде алулары тиіс. Бұл талап заң жүзінде де бекітілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанованың айтуынша азаматтар медициналық мекемелерге тек тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана тіркеле алады.
Жиын соңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.